Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау - айрықша назарда
Комитеттің қылмыстық-атқарушы инспекцияларына жетекшілік жөніндегі басқарманың бастығы Дидар Атантаевтың айтуынша, бұл шара Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткізілгелі отыр.
Бұл семинардың мақсаты - соңғы өзгертулерді ескере отырып, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау жөніндегі заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру және оларды жер-жерлерде дұрыс қолдануы бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.
Семинарға Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен қоса, Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика комитетінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, аймақ прокуратурасы мен ішкі істер департаментінің өкілдері қатысады.