17:13, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Көк түріктер мен Алтын орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы біздің елдігіміздің түп-тамыры - Елбасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көк түріктер мен Алтын орданың айбарын айтпағанда Қазақ хандығы біздің елдігіміздің түп-тамыры. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысына ұстаған талай алып мемлекеттер болды. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан сол бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болғанын білеміз. Ал бұл кез біздің халқымыздың бостандықтан айрылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк түріктер мен Алтын орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы біздің елдігіміздің түп-тамыры», - деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы Тәуелсіз Қазақстан еліміздің сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырғанын атап өтті.