Кокаин иттер арқылы тасымалданып келген

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Латын Америкасының 50-ге жуық есірткі саудагері Италияға кокаинның контрабандасын өткізу үшін иттерді қолданды деп айыпталып отыр.
None
None

Тәртіп сақшыларының ақпарына сүйенсек, Мексика аумағында ветеринарлар есірткі салынған орамаларды иттерге тігіп, кейін олар Миланға жеткізілген. Жасырылған кокаинды алу үшін төрт аяқтыларды мүшелеп бауыздаған.

Есітркіні діттеген жерге тасымалдауда иттің ірі тұқымы кәдеге жаратылған. Олардың әрқайсысы таза кокаинның бір келісінен артығын таси алады. Сотта 49 адамның ісі қаралуда. Олардың ішінде Эквадордың, Перудің және Сальвадордың азаматтары бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум