Қоқиқаздың қауырсыны неге қызғылт болады
АСТАНА. KAZINFORM — Қоқиқазды алыстан-ақ тануға болады. Ұзын аяқтары, иілген мойны және қызғылт қауырсыны оны басқа құстардан бірден ерекшелейді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
— Бір қызығы, қоқиқаз дүниеге келгенде қызғылт болмайды. Оның қауырсыны уақыт өте келе қорегінің құрамындағы табиғи пигменттердің әсерінен қызғылт реңкке енеді, — деп түсіндірді мамандар.
Қоқиқаздар көбіне үлкен топ болып жүреді.
Ал ұшқан кезде қанаттарындағы қара және қызғылт түстер анық көрініп, суда жүрген сабырлы құс мүлде басқа кейіпке енеді.
Қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сондықтан бұл әсем құсты ғана емес, ол мекендейтін табиғи аумақтарды сақтау да маңызды.
Бұдан бұрын Қазақстанда неше қызғылт қоқиқаз бар екенін жазғанбыз.