18:08, 26 Тамыз 2019 | GMT +5
Көкірекбаев пен Асанов қызметтерінен кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;
Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ҚР Президентінің Жарлығымен Қайрат Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Елшісі қызметіне, Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі қызметіне тағайындалды.