Көкірекбаев ТЖО қызметкерлеріне көшкін қаупі бар аудандардағы жағдайды бақылауды тапсырды

Жамбыл облысы аумағына ақпанда түскен қалың қар, алдағы күндері болжанған қалыпты климаттық мәннен асатын жылыну мамандардың алаңдаушылығын тудыруда. Облыстың ТЖД деректеріне сәйкес Қордай және Шу аудандары арқылы ағатын Шу өзенінің жағалауында қазірдің өзінде су басқан учаскелер бар.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев таяу айларда су тасқыны басталғанға дейін төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қарқынды шаралар жүргізуді, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін жағалауды бекіту жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
«Өңірде су тасқынына қарсы штабтар, жедел топ құрылды, 48 бірлік арнайы техника әзірлікке келтірілді. Өткен жылғы жағдайды ескеріп, Тараз қаласы, Байзақ және Жамбыл аудандары әкімдерін өзен арналарын тереңдету, нығайту, тазалау, су қоймалары мен гидротехникалық қондырғылардың апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, автомобиль және темір жол маңында су өткізу құрылғыларын қоқыстан тазалау жұмыстары ұсынылды. Қазіргі сәтте өзендерде су деңгейі тұрақты деп бағалануда. Су басу қаупі жоқ», - деді Данилов.
Көкірекбаев ТЖ қызметтерін көшкін жүру қаупі бар таулы аудандардағы жағдайдың мониторингін жүргізу қажеттігін ескертті. Осы жерлердегі оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.