Алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бақ сынауға келген көкпаршылар «Қазанат» ипподромында іріктеу жарыстарын өткізіп жатыр. 

Көкпар: Алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салды
Фото: Ризабек Нүсіпбек

Доданы Қазақстан және Өзбекстан құрама командасының көкпаршылары бастады. Алғашқы салымды Қазақстан құрама командасынан Құрманбек есімді шабандоз салды.

Тартысты өткен сайыста, қазақстандық шабандоздардың мерейі үстем болып, 16:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Көкпар: Алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салды
Фото: Ризабек Нүсіпбек
Көкпар: Алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салды
Фото: Ризабек Нүсіпбек

Айта кетейік, көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.

Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 9 қыркүйекте қай спорт түрінен сайыстар өтетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар