Көкпар: Ыстықкөл жағасында өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан 4 команда қатысады

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – 13-20 тамызда Шолпан-Ата ипподромында көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Көкпар федерациясының президенті Талас Бегалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпара «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Айтуынша, халықаралық турнирге 8 елдің командалары қатысады. Жарыстар 3 түрлі форматта өтеді.

«Бірінші форматта Қырғызстан мен Қазақстанның 8 командасы кездеседі. Еліміздің намысын жоғары лиганың «Сары-Өзөн», «Достық», «Ынтымақ», «Мирас» командалары қорғайды. Қазақстаннан Астана, Жетісу, Түркістан командалары мен ұлттық құрамасы қатысады. Екінші форматта 8 елден 12 клуб өнер көрсетеді. Қазір Ресейден қатысуға Мәскеу, Екатеринбург, Новосібір, Алтай және Краснояр қалаларынан 5 команда өтініш білдірген. Үшіншіге АҚШ, Түркия, Қазақстан, Венгрия, Өзбекстан, Моңғолия командалары қатысса, Қырғызстаннан 1 команда өнер көрсетеді», - деді ол.

Фото: kabar.kg

Ол Қырғызстан мен Қазақстанның 45 жастан асқан ойыншылары арасындағы жолдастық турнирлер үшінші форматта өтетінін атап өтті.

Баспасөз конференциясына қатысушылар халықаралық турнир Президент Садыр Жапаровтың қолдауымен және қатысуымен өтетінін және оны 2 жыл сайын Шолпан-Атада өткізуді жоспарланып отырғанын атап өтті.

Чемпионаттың жүлде қоры 5 миллион сом көлемінде жоспарланып отыр.

Фото: kabar.kg

«Демеушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр және оның қорытындысы бойынша жүлде қорын қосымша жариялаймыз», - деді Талас Бегалиев.

Ал, бас төреші болатын Рамиз Жайлымышов жаңа ережелер қолданылатынын айтты.

«Ойындағы төрешілер саны 5-ке дейін артады. Сондай-ақ, бір тайм 15 минутқа созылады, бұрын 20 минут болатын. Олжа тайқазанға түскеннен кейін ойыншы алаңның ішінде ат үстінде болуы керек, бұған дейін бұл ереже нақты жазылмаған», - деді ол.

Фото: kabar.kg

Соңғы жаңалықтар