20:21, 28 Шілде 2009 | GMT +5
Көкпардан өткен біріншіліктен қайтып келе жатқан шымкенттік сәйгүліктер Қарағандының аумағында жол апатына ұшырады
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Сейсенбі күні Қарағандыда жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан аттар зардап шекті.

Қарағандыда Станционная көшесі мен Сарань тасжолының қиылысында тіркемесінде 14 ат тиелген КамАЗ аударылып түсті. Асыл тұқымды жүйрік аттар көкпардан республикалық жарыс өткен Павлодардан Шымкентке үйлеріне қайтып келе жатқан болатын. Сөз орайында айта кету керек, Оңтүстік Қазақстанның командасы чемпионатта бірінші орын алып ерекшеленгенін айта кеткен орынды.
Апат салдарында бір ат мерт болды, бір ат жарақат алды. Тасымалдаушы КамАЗ-дың кабинасында отырған екі атбегі зардап шеккен жоқ.