Көкпаршы атымен бесінші қабатқа шығып пәтердің алдына серкесін тастап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда көкпарға қатысушы серкені есіктің алдына қалдыру үшін тұрғын үйдің 5-ші қабатына атпен көтерілді, деп хабарлайды akipress.org .
Ереже бойынша ойыннан кейін көкпаршылар серкені құрмет білдірген адамның есігінің алдына қалдырып кетуі керек.
Видеоның қашан және қайда түсірілгендігі белгісіз.