Көкпаршы ковбойлар өздерін ерекше әдіспен таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 тамызда Астанадағы «Қазанат» атшабарында көкпар ойындарынан басталатын халықаралық сайыс алдында америкалық көкпаршылар өздерін бейнежазба арқылы ерекше әдіспен таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көкпаршы ковбойлар өздерін ерекше әдіспен таныстырды

Бейнежазба Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды. Видеода америкалық көкпар командасындағы 13 ковбойдың бірі қымыз ішіп, екіншісі бауырсақ жесе, үшіншісі домбыра тарту арқылы өздерін таныстырады.

Еске сала кетсек, елордадағы «Қазанат» стадионында 21-28 тамыз аралығында көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Ауқымды жарысқа көршілес елдермен қатар, АҚШ пен Түркия елдерінің көкпаршылары қатыспақ. Жалпы жүлде қорына 18 миллион теңге бөлінген. Жеңімпаз команда 10 миллион теңгені олжалайды.