Көксарай су тоспасын толтыру аяқталды

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Көксарай су тоспасы бірінші кезеңге жоспарланған су көлемімен қамтылды.
None
None

«Наурыздың 31-інде Көксарай су тоспасын толтыру аяқталды. Су қоймасының бірінші кезеңін іске қосу жоспарында қарастырылғандай, 1 миллиард текше метр су жиналды» - дейді «Оңтүстіксушар» РМК директоры Сембай Сейсенов.

Сонымен қатар ол Көксарай су тоспасының басты міндетін атқарып шықты - Сырдариядан аққан судың артығын қабылдап алды, сөйтіп Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жағалаудағы аумақтардағы елді мекендерін жыл сайынғы жайылма су тасқыны астында қалу қаупінен сақтап қалды.

Негізгі су бөгеттері құрамына кірген құрылыстың бірінші кезеңі осы қыста аяқталып, ол алғашқы су ауқымын ақпанның 1-ында қабылдай бастағанын еске саламыз. Су тоспасы Сырдарияның төменгі ағысы аумағында Шардара су қоймасынан 160 шақырым жерде салынған және Шардара арқылы суды апатсыз өткізуді қамтамасыз етпек.

Соңғы жаңалықтар