15:56, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Көксарай су тоспасына тартылатын арна салынып болды және алғашқы көпір пайдалануға берілді
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көксарай су тоспасына тартылатын арна салынып болды және алғашқы көпір пайдалануға берілді.

Су тоспасына тартылатын 16 шақырымдық арнаға барлығы үш көпір салынатын болады. Ұзындығы - 120 метр, ені 8 метр болатын көпірді «Көпірқұрылыс №1» ЖШС салды. Қабылдау комиссиясы құрылыс жұмысына жоғары баға берді.