«КокшеСпецОдежда» кәсіпорны айына 700-ден астам киім түрін шығарады (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «КокшеСпецОдежда» кәсіпорнында бүгінгі таңда айына 700-ден астам киім түрі шығарылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне аталған кәсіпорын басшысы Елена Быданова айтты.
None
None

Жеке кәсіпкер кәсібін осыдан 15 жыл бұрын сырттан джинсы әкеліп сатумен бастаған. Сырттан киім сатып алып, оны қайта сату тиімсіз екені белгілі. Сондықтан, кәсіпкер кейін кәсіпорын атауын «КокшеСпецОдежда» деп өзгертіп, киімді өздері тігуге бейімделеді.

Осы күні кәсіпорында түрлі үлгідегі арнайы киімдер тапсырыс бойынша тігіледі. Шағын тігін фабрикасында былтырғы жылы (Стандарт ISO 9001) жобаларды басқарудың жаңа технологиясы енгізілген болатын. Оған қоса, киімді пішіндеудің JULIVI бағдарлама кешені де игеріліп отыр.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Елена Быданованың айтуынша, жақында өндіріс орнында дуальды оқытуды енгізу жоспарланып отыр.
«Осы күні біз негізінен өңірдегі еңбек ұжымдарына арнайы киімдер тігеміз. Қазіргі кезде айына 700-ден астам киім түрі шығарылады. Алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, дуальдық оқытуды енгізуді де жоспарлап отырмыз», - дейді кәсіпкер.

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар