15:52, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Көкшетау қалалық ауруханасында намазхана ашылды
КӨКШЕТАУ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық ауруханасында жамағаттың сұрауымен намазхана бөлмесі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аурухананың бас дәрігері Серік Кәкеновтың айтуынша, бұл шара жергілікті мешіт тарапынан да қолдау тауып отырған көрінеді. Сөйтіп, ауруханада намаз оқуға арнайы бөлме дайындалып, діни әдебиеттермен, басқа да жабдықтармен толықтыруды Науан хазірет атындағы мешіт өз мойнына алған. «Денсаулығы сыр берген адамдардың имани істерден аулақтамай, қайта оған жақындай түскені қуантады»,- дейді облыс имамы Қанат Қыдырмин. Бүгінде облыс көлеміндегі 137 мешітте исламның бес парызының бірі - намазды өткеруге барынша мүмкіндік туғызылып отыр.