Көкшетау қаласының тұрғыны полицияға екі граната тапсырды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетау қаласының тұрғыны полицияға екі граната тапсырды.

граната
Фото: ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам гранаталарды ақпанның 22-сінде полицияға өзі әкеліп берген. Ер адамның сөзінше, ол гранатаны Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданы аумағындағы қоқыс жәшігінен тауып алған.

“Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін мамандар табылған гранаталардың оқу-жаттығуға арналған Ф-1 және РГД екенін анықтады. Бұл гранаталар жауынгерлік емес, алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқу құралы ретінде қолданылады”, - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары қала тұрғынына белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді.

Айта кетсек, бұдан бұрын синтетикалық есірткі сақтаған көкшетаулық азамат 4 жылға сотталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар