Көкшетау қаласының 2009 жылғы бюджетінің кіріс бөлігі 7 миллиард 694 миллион теңгені құрады

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласының ағымдағы жылғы бюджетінің кіріс бөлігі 7 миллиард 694 миллион теңге деңгейінде белгіленді, бұл бұрнағы жыл бюджетімен салыстырғанда едәуір артық,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жылдың басты қаржылық құжатында шығыс мөлшері 7 миллиард 990 миллион теңгені құрап отыр. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған. Соған сәйкес білім беру саласына бөлінген қаржы 1200 орындық инновациялық мектеп, 320 орындық бала бақшасын салуға жұмсалатын болады. Сонымен қатар қаланың су және кәріздік жүйелерін ретке келтіру, инфрақұрылымды жетілдіру, қысқы спорт кешенінің құрылысын аяқтау жұмыстары жалғасын табады. Жыл ішінде тұрғын үй құрылысына 142 миллион теңге қарастырылған. Ал 13 миллион теңге тұрғындарды әлеуметтік қорғау, аз қамтылған отбасыларына көмек қолын ұсыну, мұқтаж жандарға атаулы көмекке жқұмсалады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қолдау мақсатына 12 миллион теңге бөлінген.
Соңғы жаңалықтар