«Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан халықтарының тілі күні атап өтілді

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Кеше, қыркүйектің 17-сінде, «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан халықтарының тілі күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп,
None
None

жыл ішінде тілге жанашырлық танытқандарға сый-құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тіл фестивалі аясында іске асырылған салтанатты басқосуда облыс әкімі Сергей Дьяченко өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясының артып, тілге деген құрмет пен қолдау мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқандығы, аймақтарда тілді меңгеруге орай қолға алынып отырған ауқымды шараларды тілге тиек етіп, алдағы атқарылар істерге тоқталды. Қазіргі кезде өңірде 40 этномәдени бірлестік тіркелген. Олардың 14-інде жексенбілік мектептер ашылып, мыңға тарта адам ана тілін меңгеруге қол жеткізді. Аймақ бойынша іс қағаздарының 76 пайызы мемлекеттік тілде толтырылып отыр. Оның ауқымы жылдан жылға артуда. Өңір басшысы жыл ішінде қазақ тілін оқытып, үйретуде, оның мән-мағынасын насихаттауда елеулі үлес қосқаны үшін нөмірі бірінші орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Татьяна Хомяковаға, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің өңір бойынша меншікті тілшісі Бақберген Амалбековке, «РТРК» АҚ «Қазақстан-Көкшетау» филиалының редакторы Наталья Дементьеваға, облыстық білім және мәдениет басқармаларының қызметкерлері Рахима Тәшенова мен Айгүл Кемеңгероваға алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тапсырды.

Жиын соңы жергілікті көркемөнерпаздар мен облыстық филармония өнер шеберлерінің концертіне ұласты. Көпшілік қатысқан осындай мерекелік іс-шаралар барлық аудан орталықтарында өткізілді.

Соңғы жаңалықтар