18:54, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Көкшетау» мәдениет үйінде болған өртте адам шығыны тіркелген жоқ
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін түс мезгілінде Ақмола облысының орталығындағы «Көкшетау» мәдениет үйінде орналасқан орыс драма театрының декорация қоймасының бөлмесінде өрт болып, біршама материалдық шығын келтірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өртке қарсы күрестің кезекшілік бөліміне мәдениет үйіндегі оқиға туралы хабар 14 сағат 55 минутта жетіп, 10 өрт сөндіру және қосымша техникалар, 70-ке тарта адам жұмылдырылған. Төтенше жағдай үш қабатты ғимараттың екінші қабатында бас инженердің кабинетінде орын алған. Тілсіз жау декорация бөлмесінің 30 шаршы метрін жалмап кеткен. Өрт бір сағат ішінде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген зиян мөлшері анықталуда.