«Көкшетау» мәдениет үйіндегі кеш Халықаралық әйелдер күніне арналды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Өмірсерік Мұсабаев «Көкшетау» мәдениет үйінде ақ шашты әжелер мен аналарды,
None
None
қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мәслихат хатшысы өз сөзінде өңірде 400-ге тарта азаматшаның лауазымды қызметте жүргенін, соның ішінде 14-і аудан және қала әкімінің орынбасары, 53-і ауылдық және селолық әкім қызметінде абыройлы еңбек етіп келе жатқанын атап көрсетті. Ал 63-і халық сеніміне ие болып аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттарға депутат болып сайланса, 42-сі БАҚ-қа басшылық жасап келеді, 162-і әртүрлі қоғамдық қауымдастықтар, бірлестіктер мен ұйымдар жетекшілері міндетін атқаруда. Салтанатты жиында азаматтық борышын өтеп жүрген төрт сарбаз сахна төрінде аналарын алдағы мерейлі мерекелерімен құттықтады. Бұл тосын сый-құрметті ұйымдастырған облыс әкімі Альберт Рау болып шықты. Әскери құрылымда үздік жетістікке жеткен сарбаздар да ризашылықтарын білдіріп жатыр. Бұл күні басқа да лауазымды қызметкерлер жүрекжарды жылы лебіздерін білдірісті. Кездесу соңы мерекелік өнер кешіне ұласты.
Соңғы жаңалықтар