12:30, 07 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Көкшетау мектептерінде екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды
Бүгін Көкшетауда екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты (минус 27 градус аяз, жылдамдығы секундына 7 метр жел) Көкшетау қаласы мектептерінің екінші ауысымындағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», - делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті желтоқсанның 7-інде өңірде желдің жыдамдығы секундына 20 метрге дейін жететіні, көктайғақ, бұрқасын болатыны туралы смс хабарлама таратты.
Айта кетсек, бұдан бұрын еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты қашықтан оқу форматына көшірілгенін жазған едік.