Көкшетауда 18 жастағы жігіт сүйіктісіне гүл ұрлап, сыйламақ болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда танысына гүл ұрлап, сыйламақ болған 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1-ші сәуір күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне гүл сататын дүңгіршіктердің бірінің сатушысы арызданған.

Арызданушының сөзіне қарағанда. сол күні оның дүңгіршігіне жас жігіт келіп, бір шоқ гүл, ойыншық және құттықтау хатын таңдайды. Сол сәтте күдікті сатушыға байқатпай гүл мен ойыншығын алып, ізім ғайып болады.

Дегенмен, күдікті алысқа қашып үлгермейді. Сатушының шағымы бойынша оқиға орнына дереу жеткен «Әскер-3» автопатруль экипажы күдіктінің ізіне түсіп, заттай айғақтарымен қолға түсіреді.

Күдіктінің түсініктемесі бойынша ол гүлді өзінің танысына сыйламақ болған. Алайда, ақшасы болмаған соң, ұрлап алуды жөн көрген.

«Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 191 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозалды. Аталған санкция бойынша күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 2 000 АЕК бойынша айыппұл төлеуі немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деп түсіндірді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар