19:06, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Көкшетауда 35 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласының әкімі Бақыт Сапаров 35 бюджеттік сала отбасыларына жайлы үйдің кілттерін табыстады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа жылдың алғашқы он күндігінде медицина, білім беру, мемлекеттік қызметкерлер отбасылары қоныс тойымен атап өтетін болды. Олардың әрқайсысы 1,2 және үш пәтерлі үйлердің иелері атанып отыр. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 150 миллион теңге қаржы жұмсалған көрінеді. Айналасы абаттандырылып, балалардың ойын-сауық құруына қажетті жағдай ескерілген.
Жалпы, өткен жылы облыс орталығында 3 үй пайдалануға беріліп, 182 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанған болатын. Жыл соңына дейін бес 45 пәтерлі, екі 35 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады.