Көкшетауда 5 жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 5 жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
None

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем фельдшерінен 30 тамызда облыс орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы терезеден 5 жасар баланың құлап кеткені туралы хабар келіп түсті.

Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.

– Айта кету керек, терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі саналады, әсіресе қалаларда. Балалар қызық көріп ашық терезеге шығып жатады. Баланы құлап кетуден қорғау үшін қысқыштарды қолдану керек, – деп еске салады полиция қызметкерлері.


Соңғы жаңалықтар