09:15, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Көкшетауда 5 жасар қыз бала абайсызда бассейнге батып кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда абайсызда 5 жасар қыз бала бассейіндегі суға батып кетті.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы жағдай желтоқсанның 9-ы күні кешкі сағат 20:20 шамасында Көкшетаудағы "Аспан" монша кешенінде орын алған. Әжесімен суға шомылуға барған 2009 жылғы қыз бала абайсызда бассейнге құлап, суға тұншығып қалған.