Көкшетауда 98 миллион теңгенің азық-түлік өнімі саудаға шығарылды

Көкшетауда ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарларының жəрмеңкесінде 98 миллионға жуық теңгенің 90 тонна азық-түлік өнімі саудаға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Көкшетауда 98 миллион теңгенің азық-түлік өнімі саудаға шығарылды
Фото: Оксана Матасова / ҚазАқпарат ХАА

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған бұл жолғы жəрмеңкеге Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Біржан сал, Сандықтау, Шортанды аудандарының және Көкшетау қаласының, сондай-ақ «КОКЅНЕ» ӘКК ҰК» акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi қатысты. 

Көкшетау
Фото: Оксана Матасова / ҚазАқпарат ХАА

«Жәрмеңкеге барлығы 98 миллион теңгеге 90 тоннадан астам өнім әкелінді. Оның ішінде 30 тоннадан астам ет, 1 тоннаға жуық балық, 250 мыңға жуық жұмыртқа, 10 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері бар», - деді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленов.

Жәрмеңке барысында қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілердің 40-тан астам азық-түлік түрі, оның ішінде ет, ұн, сүт өнімдері мен балық, жұмыртқа, қант, күнбағыс майы нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан ұсынылды. 

Көкшетау
Фото: Оксана Матасова / ҚазАқпарат ХАА

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысында азық-түлік бағасының өсу себептері туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар