14:29, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Көкшетауда әлеуметтік қажеттілікке 32 миллион теңге бюджет қаржысы қарастырылған
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласы бойынша тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасына бюджеттен 2008-2010 жылдарға 32 миллион теңге қаржы қарастырылған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік үйлестіру бөлімінің деректеріне сәйкес өткен жылы 1 мың 58 адам жұмысқа орналастыру турасында өтініш білдірсе, олардың 803-інің талап-тілектері орындалған. Жұмыссыздардың 72 пайызы әйелдер, ал 44 пайызы жастар көрінеді. Оның сыртында 352 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, әлеуметтік қызмет салаларына орналастырылды. Шағын және орта бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жалпы көлемі 1 миллиард 190 миллион теңге құрайтын 69 меморандумға қол қойылып, оның 67-сі талапқа сәйкес жүзеге асырылуда.