Көкшетауда алғашқы жекеменшік балабақша елу баланы қабылдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімованың айтуынша, бұл ағымдағы жылы ашылғалы отырған үш жекеменшік балабақшаның алғашқы қарлығашы көрінеді. Игілікті істі жергілікті кәсіпкер Талғат Темірәлиев өз қаржысы есебінен жүзеге асырып отыр. Мұндағы музыка және спорт залдары, дәрігер және педагог-психолог кабинеттері, ауладағы ойын және жасанды төсенішті мини-футбол алаңдары барлық қажеттіліктермен қамтылған. Ата-аналарды балаларымен қабылдап, пікірлесуге орай арнайы бөлме ескерілген. Бір қуаныштысы жергілікті 20 адам жұмысқа орналастырылған. Алдағы уақытта мұнда қосымша екі топ ашылып, тағы да елу балғын орналастырылатын болады. Бұл - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған оң қадамдардың бірі.