Көкшетауда алма ағаштары қайта гүлдеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетауда биылғы жылы осымен екінші рет алма ағаштары гүлдеді.
None
None

«Қазгидромет» облыстық филиалының қызметкері Раушан Қалманбаева хабарлағандай, жеміс ағашының қайта гүлдеуі аймақта соңғы кезде байқалып тұрған қатты ыстықпен байланысты болуы мүмкін. «Мысалы, кешегі күні Астрахан ауданындағы Жалтыр стансасында +40 градус ыстық болса, Көкшетау қаласында 29 градус жылы болды. Облыс бойынша орташа ауа температурасы - 39 градус. Бұл шектен тыс ыстық ауа Жерорта теңізінен ауа ағымдарының келіп жетуімен байланысты. Мұндай ыстықтар осыдан 5-6 жыл бұрын байқалған еді», - деді Р.Қалманбаева. Синоптиктің айтуынша, дүйсенбіде өңірде ауа температурасының төмендеуі байқалса да, айдың аяғына дейін ол +33 градус Цельсийге дейін көтерілмек, деп хабарлайды Интерфакс.

Соңғы жаңалықтар