Көкшетауда «Астана - Еуразияның арман қаласы» көрмесі ұйымдастырылды
Барша қазақстандықтар үміт артып, үлгі тұтып отырған бас қаламыздың қарышты қадамына сүйсініп, мақтан еткен бұл жолғы шараға қатысушыларға аталған кітапхананың оқу залында «Астана - Еуразияның арман қаласы» атты кітаптар пен мақалалар көрмесі ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - Елбасы және Еуразия төрінде орналасқан сүйікті қаламыз Астана жайында жазылған кітаптарды насихаттау арқылы өсіп келе жатқан келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың бойында патриоттық сезімдерін ояту болып табылады.
Көрмеге негізінен кітапхана оқырмандары мен мектепалды лагерьлердегі балалар қатысты. Онда «Астана», «Астана - Қазақстанның жүрегі», «ХХІ ғасыр - Қазақстанның жұлдызды ғасыры», «Ұлт көшбасшысы» туындылары және «Астана», «Бәйтерек», «Новый мир», «Мысль», «Нива» журналдары ұсынылып, қонақтар әсем қаламыз Астана жайлы біраз мәліметтер алды.
Шара өте бір жылы, мерекелік рәуіште өтті.