Көкшетауда аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында «Асар» қайрымдылық акциясы өтті.
None
None

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйытқы болуымен этномәдени бірлестіктердің қолдауымен «Достар» мәдениет сарайында өткен қайрымдылық шарасы барысында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардағы, жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қайрымдылық көмек көрсетілді.

«Бізге осындай көмек көрсетіп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Осындай зәулім сарайда балалармен араласып жүргеніме қуаныштымын», - дейді 10 жасар Вова Канканьян.

Шара «Әулет» оқу-әдістемелік орталықтары шығармашылық ұжымдарының орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

Соңғы жаңалықтар