Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «LADA Priora» көлігі жарық бағанына соғылып, екіге бөлініп қалды. Қатты соққыдан көлік ішінде отырған 25 жəне 32 жастағы екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі жол-патрулдік полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті

Полицейлердің мәліметі бойынша қайғылы оқиға Көкшетау қаласында 14 қаңтарда шамамен сағат 16:30 орын алған. 

«Уəлиханов көшесінің бойында рөлге ие бола алмаған «LADA Priora» көлігінің жүргізушісі жарық бағанына соғылған. Осының салдарынан 1991 жылғы жолаушы оқиға орнында тіл қатпай кетсе, кейін тағы бір 1984 жылғы жолаушы ауруханада көз жұмды. Көлік жүргізушісі түрлі дене жарақтымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр», деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі кезде, ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып отыр.