11:36, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Көкшетауда балалар мерекесінде 1-ші сынып оқушыларына сақтандыру полисі сыйға тартылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 1 маусым Халықаралық балалардың құқығын қорғау күні ақмолалық полицейлер, облыстық білім басқармасы, "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы "Autokontrolkz" ЖШС-імен бірігіп, бірінші сыныпқа баратын балаларға сөмкеге тағылатын алыстан жарыққа шағылысатын 200 жиынтық чехол және сақтандыру полисін сыйға тартты, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
![None None](/static/img/plug.webp)
Аталған акцияның мақсаты - жазғы демалыс айларында жиі орын алатын жол-көлік оқиғаларынан балалардың жарақаттануының алдын алу болып табылады. Осы бағытта жиналғандар алдында Көкшетау қалалық №12 орта мектебінің жол қозғалысы жас инспекторлар жасағы сөз алып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.