12:25, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Көкшетауда бет перделі үш қылмыскер кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Өткен түнде бет перделі үш қылмыскер Көкшетау қаласында ерлі-зайыпты кәсіпкерлерді байлап, үйлерін тонап кеткен,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Біләловтың айтуынша, беттеріне медициналық жамылғы жапқан ұрылар кәсіпкердің үйіне кешкі 20-00 сағатта кіріп, ерлі-зайыпты екеуін байлап, жоспарлы жымысқы әрекеттеріне кіріскен. Түн жамылған қылмыскерлер үй иесінің БМВ жеңіл көлігімен бағалы аң терісінен тігілген 230 құлақшынды, бір тонды, бір жарым миллион теңге ақшаны қолды қылып, іздерін жасырып үлгерген. Қазіргі кезде облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінен арнайы топ жасақталып, күдіктілер іздестірілуде.