Көкшетауда бір көшеде 10 күннің ішінде төрт жол апаты болды, зардап шеккендер бар

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Қанай би көшесіндегі жол істен шықты.
None
None

Аталмыш көшенің әсіресе, Е. Әуелбеков көшесімен қиылысатын тұсында соңғы он күннің ішінде ғана 4 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді.

Осы ауданда жанарынан айырылған зағип жандардың облыстық арнайы мекемесі орналасқан. Бұл алдымен кемтар жандардың өміріне қауіп төндіруде. Тұрғындар жолдың апатты жағдайда тұрғандығын бірнеше мәрте  айтып, жауапты мекемелерге шағымданған еді. Алайда, ол әрекеттен әзір еш нәтиже шыққан жоқ. Өткен жылдың қазан айында жолды жөндейміз деп келген мердігер компания құрылысты аяқсыз тастап кеткен. Сол себепті ойдым-ойдым жол шұңқырларына жаяу жүргіншілер түсіп кетуде және автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары орын алып тұрады.

Қазір бұл мәселе бойынша қала тұрғындары облыс әкімі Қайрат Қожамжаровқа ұсыныс айтып, талап тілектерін жедел орындауды сұрады.

Соңғы жаңалықтар