Көкшетауда BMW X5 жүргізушісі жаяу жүргіншіні әдейі қаққан

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жергілікті серіктестіктердің бірінің аумағында жүргізуші өзімен бірге тұратын әйелді қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Бүгін сағат 9.15-те телефонымызға түскен хабарламада, BMW X5 автомобилінің жүргізушісі жаяу әйелді қағып, оқиға орынан қашып кеткені туралы айтылды», - деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Жедел тергеу тобы анықтағандай, 30 жастағы жүргізуші серіктестік ауласына ойындағы мақсатын жүзеге асыру үшін келген. Осы мекемеде есепші болып жұмыс істейтін, 1980 жылы туған әйелді ол әдейі қағып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында жүргізуші қолға түсті. Оның үстінен ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Күдіктінің көлігі айып тұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар