Көкшетауда бір отбасындағы төрт адамның қазасының себебі анықталып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Көкшетауда төрт адамнан тұратын отбасы түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Үйлерінен ата-анасы мен кәмелетке толмаған 5 және 11 жастағы екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

жедел жәрдем
Фото: Pexels

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнында көміртегі тотығының ізі табылмаған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын түсіндірді. 

- Төрт адамның, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306 (қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп түсіндірді департаментте. 

Тергеу аясында тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар