07:29, 11 Қаңтар 2024 | GMT +5
Көкшетауда бүгін бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Өңірде ауа температурасының төмендеуіне байланысты Көкшетау қаласында бүгін, 11 қаңтарда бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауа температурасының минус 25 градусқа төмендеуіне байланысты 11 қаңтарда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», - делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.
Еске салайық, бұдан бұрын 26 желтоқсанда Көкшетауда екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқығанын жазған едік.