15:00, 08 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Көкшетауда екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Көкшетау мектептеріндегі екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауа температурасының минус 37 градусқа төмендеуіне байланысты желтоқсанның 8-і Көкшетау қаласы мектептерінің екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды», - делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
Айта кетсек, бұдан бұрын бүгін Көкшетау мектептерінде бірінші ауысымдағы оқушылар түгел онлайн оқуға көшкенін жазған едік.