14:07, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Көкшетауда электр бағаны екі көлікті басып қалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Шевролет авео» жеңіл көлігі Әуелбеков және Ғабдуллин көшелерінің қилысар тұсында электр бағанына соғылды. Бұл туралы оқиға орнынан «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлайды.

Әуелбеков көшесінің бойымен жүріп келе жатқан «Шевролет авео» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай Ғабдуллин көшесімен қилысар тұста жолдан шығып кетіп, электр бағанына соғылды. Қатты соққыдан түбі опырылып құлаған электр бағаны «Шевролет авео» мен оның жанынан өтіп бара жатқан «Лексус» көлігін басып қалды. Соның салдарынан аталған көшелердің қилысында көлік қозғалысына біраз кедергі келтірілді.