10:20, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Көкшетауда есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетау қаласының тәртіп сақшылары алдын алу шарасы барысында есірткі саудасымен айналысып келген қылмыстық топ қолға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері «төрттік» топтың жымысқы іс-әрекетін бұрынырақ сезіп, ерекше бақылауға алған. Тәртіп сақшылары әлгілермен, «көтерме саудамен айналысамыз» деген желеумен саудаласқан. Осылайша айғақты дәлелдерімен күдіктілер қолға түсіп, қамауға алынды. Олардан салмағы бес келі кептірілген марихуана тәркіленді. Ал пәтерлеріне жүргізілен тексеріс кезінде тағы да 15 келі есірткі заты бары анықталды. Күдіктілер 1974, 1975, 1978, 1987-ші жылғы Тараз қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі кезде осы әрекеттерге сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.