19:31, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Көкшетауда есірткі саудасына қатысы бар қылмысты топ қолға түсті
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті мен Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінен жасақталған жедел іздестіру тобы есірткі саудасына қатысы бар қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өздерін «Қызылту күрескерлері» деп атап келген ұйымдасқан қылмысты топ мүшелері «Ж» және «Т» есіміді күдіктілердің «Тойота-Лексус» жеңіл көліктеріне тексеріс жүргізген кезде есірткі заттары бары анықталған. Анықтау барысында көлікте жасырылған «ПМ» тапаншасына қажетті оқ дәрілер, он жарылғыш зат пен оған қажетті капсул табылып, айғақты заттар тәркіленді. Ал құрықталған қос қылмыскердің екеуі де есірткіге мастығын наркологиялық тексеріс дәлелдеп берген. Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-сінің 251-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша оқшаулау қапасында отыр.