19:08, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Көкшетауда КамАЗ-дың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 30 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында 30 жастағы ер адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы 5 қазан күні Капцевич-Набережная көшелерінің қиылысында шамамен сағат 22.00-де орын алған, «КамАЗ» көлігін басқарған белгісіз жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды.
Оқиға салдарынан 1982 жылғы ер адам бас-сүйек миы зақымданған деген диагнозбен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Алайда жәбірленуші жансақтау бөлімінде көз жұмды.