Көкшетауда қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда шағын несие беру ұйымының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Полицейлердің дерегі бойынша оқиға ағымдағы жылдың ақпан айында орын алған.

«Ақпанның 16-сы күні сағат 16:00 шамасында бейтаныс ер адам Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан шағын несие беру ұйымының кеңесесіне бас көктеп кіріп, пневматикалық тапаншамен қорқыту арқылы 180 мың теңгенің үптеп кеткен. Қаскөй бейнебақылау камерасына түсіп қалса да, бетін тұмшалағандықтан бірден ұстауға мүмкіндік болмады.

Дегенмен, кешенді түрде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті  1 шілде күні Көкшетау қаласында қолға түсті», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, күдікті 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, үстінен ҚР ҚК 192-бабы бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қоса, күдіктінің осындай өзге де қылмыстарға қатысты бар-жоғы анықталуда.