21:19, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Көкшетауда көгілдір отын бағасы арзандамақ
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көгілдір отын бағасы арзандайтын болады. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті «Реалгаз» ЖШС-нің реттелетін нарық субъектісі қызметінің бағасына сараптама жүргізді.
Соның нәтижесінде биылғы жылдың 31 наурызынан бастап газдың бір тоннасының құны 11033, 91 теңгені құрамақ. Сөйтіп, енді автокөлікке құйылатын газдың бір литрі 46 теңге болса, газ балонына құйылатын газдың бір литрі 63,09 теңгені құрады. Бұл бұрынғы бағадан 20,6 және 20,13 пайыз арзан», делінген хабарламада.