12:55, 29 Наурыз 2018 | GMT +5
Көкшетауда көлік тізгіндеген әйел үш қызды қағып кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда үш адамды қағып кеткен «Хонда» көлігі жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, оқиға 28 наурыз күні кешкі сағат 19:00-де қаланың Абай және Пушкин көшелерінің қиылысында болған.
«1979 жылғы әйел «Хонда» көлігімен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Бұл уақытта жаяу жүргіншілер жолағымен 2002 және 2001 жылы туған үш адам өтіп бара жатқан. Салдарынан зардап шеккендердің бірі түрлі дене жарақатымен аурухананың травматология бөлімшесіне жатқызылса, қалған екеуі дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді. Жол апаты кезінде, жүргізуші сау болған», - деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметінен.
Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша соталды өндірістік іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: armenia-news.ru