Көкшетауда колледж студенті жатақханада көз жұмды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетаудағы колледждердің бірінің жатақханасында 16 жастағы студенттің денесі табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
– Алдын ала деректерге сәйкес, оқиғада қылмыстық сипат жоқ. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп мәлім етті ведомство өкілдері.
Полиция қызметкерлері өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.
Ақмола облысының білім басқармасы ресми хабарлама таратып, 2025 жылғы 31 қазанда Көкшетау қаласындағы жеке Қазақ гуманитарлық-техникалық жоғары колледжінің жатақханасында 16 жастағы бірінші курс студенті қайтыс болғанын растады.
– Белгіленген тәртіпке сай бұл ақпарат дереу полиция мен тиісті органдарға жеткізілді. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі – жүрек қызметінің кенеттен тоқтауы, – делінген басқарма хабарламасында.
Айта кетейік, күйік шалған баланы тікұшақпен Көкшетауға жеткізді.