Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 40-қа жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 40-қа жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы оқиға орнынан «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлайды.
None
None

Өрт Жансая шағын ауданындағы 9 қабатты жаңа тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтерлердің бірінен шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға Көкшетау қалалық ТЖБ қызметкерлері мен арнайы техникалары тартылды. Оқиға орнынан 40-қа жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Сондай-ақ, түтінге тұншыққан 3 адамды жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кетті.
Өрт сөндірушілердің алдын ала мәліметі бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан көрінеді.
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар