10:00, 15 Шілде 2009 | GMT +5
Көкшетауда Қырғызстаннан Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселелері талқыланды
БІШКЕК. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Ақмола облысының әкімі Альберт Рау шілденің 13-інде Көкшетауда Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Жаныш Рүстенбековпен кездесу өткізді,

деп хабарлайды қырғыздың «Кабар» ұлттық ақпараттық агенттігі.
Кездесуде Қазақстанның Ақмола облысы мен Қырғызстан өңірлерінің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қырғызстанның оңтүстік облыстарында өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қазақстанның солтүстік өңірлеріне тікелей жеткізілімін ұйымдастыру үшін «Жасыл дәліз» жүйесін құру жолымен жеміс-көкөніс нарығындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды.
Сапар барысында Елші Ж.Рүстенбеков аймақтағы қырғыз диаспорасының өкілдерімен де кездесті.