Көкшетауда қыз бен жігіт гаражда тұрған көліктің ішінде ажал құшты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда гаражда тұрған көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда қыз бен жігіт гаражда тұрған көліктің ішінде ажал құшты

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көз жұмғандар 1986 жылғы жігіт пен 1994 жылғы бойжеткен. Қайғылы оқиға 9 наурыз күні болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша екеуінің ыстан уланып қалғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты тексеріс жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.